
Білім беруді дамыту бағдарламаларын ісе асыру; кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету; білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру; мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру; Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету; қала аумағында мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастыру; жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асыру.