
Бердіғалиев Мирхан Темірханұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Орал қаласының жер қатынастары саласында бастаған. Әр жылдары Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман, сектор бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, сондай-ақ бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар құрылыс саласындағы жеке секторда және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарында жауапты лауазымдарда еңбек еткен.
Бұған дейін БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында қызмет атқарды.