2026 жылғы 5 қазанда сағат 1600-де Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, №16/4 мекенжайы бойынша Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат пен сұрақтар болған жағдайда 8 (747) 5840707 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 қазаннан10 қазанға дейін «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Туындаған сұрақтар бойынша 8-747 5840707 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2026 жылға арналған жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, Алматы облысының Ұйғыр ауданында ағымдағы жылы 14-23 қыркүйек күндері аралығында запастағы әскери міндеттіледің қатысуымен «Алматы облысының аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелеріне әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты — әскери мамандық бойынша әскери есепке алу мамандығы бойынша міндеттерді орындауға қажетті дағдыларды қалпына келтіру және жетілдіру, бөлімше құрамында іс-қимылдарды пысықтау, тактиканы, қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеу және бекіту, нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда міндеттерді орындауға дайындықты арттыру.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қойылған барлық міндеттер ойдағыдай орындалып, қатысушылар жоғары деңгейдегі даярлықтары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Өз кезегінде, Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты мен Алматы облысы аумақтық қорғанысы резерві бригадасының басқармасы тарапынан оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу барысында барлық қажетті іс-шаралар уақтылы әрі сапалы орындалды.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, генерал-майор А. Жоламановтың төрағалығымен әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыстық әскерге шақыру комиссиясының мүшелері, облыстың аудандары мен қалаларының әскерге шақыру комиссияларының төрағалары, сондай-ақ облыстық ішкі саясат және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Алматы облысында жүргізіліп жатқан әскерге шақыру науқанының барысы, туындаған проблемалық мәселелер, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ алдағы міндеттер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша генерал-майор А. Жоламанов Алматы облысында әскерге шақыру науқаны аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін даярлау жоспарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі іс-шараларының жоспар-күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысының аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарымен, аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен, облыстық қызметтермен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өткізілді.
Жаттығу барысында облыстық жедел штабтың «Аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жоғары жауынгерлік әзірлік дәрежелеріне келтіру. Әскери жағдай режимі енгізілген кезде Алматы облысы Қорғаныс кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында отырысы өткізілді.
Жаттығудың мақсаты — басқару органдарының әзірлігін, ақпарат алмасу тәртібін, шешімдердің уақтылы қабылдануын, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды тексеру.
«Қазақстан Республикасының 2026 жылға арналған жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар» жоспары және «Алматы облысының 2026 жылға арналған жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар» жоспары негізінде 2026 жылы 9 маусымда «Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің бейбіт уақыттан әскери жағдайға ауысуы» тақырыбында жұмылдыру жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – хабарлау және жинау жүйесінің дайындығын тексеру, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарын тәжірибеде пысықтау болды.
Іс-шара барысында дабыл сигналын алған кездегі басқару органдарының, бақылау тобының және аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлердің іс-қимылдары тексерілді. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.
Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсынымдар беріліп, жұмылдыру дайындығын одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.
Жаттығу жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, ауданның жұмылдыру дайындығы деңгейін арттыруға бағытталды.
Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.
Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсыныстарды сақтау қажет:
Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына немесе өзіңізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2026 жылға арналған жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, Алматы облысының Қарасай ауданында ағымдағы жылы 18-27 мамыр күндері аралығында запастағы әскери міндеттіледің қатысуымен «Алматы облысының аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелеріне әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – әскери міндеттілердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, жұмылдыру дайындығын пысықтау және аумақтық қорғаныс міндеттерін сапалы атқару дағдыларын жетілдіру.
Оқу-жаттығу қортындысы бойынша барлық қойылған міндеттер сәтті жүзеге асырылып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетті. Өз кезегінде, Алматы облысының әкімдігі мен Қарасай ауданының әкімдігі және Алматы облысының аумақтық қорғаныс резервінің бригадасы әскери оқу-жаттығуға дайындық кезінде және оларды өткізу барысында барлық қажетті іс-шараларды уақытылы әрі сапалы түрде орындады.
2026 жылы 27 сәуірде Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы А. Тойшыбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша отырысы өтті.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ алдын алу шараларын күшейту мәселелері талқыланды.