Облыстың қорғаныс құрылыстарын түгендеу

Облыстың қорғаныс құрылыстарын түгендеу

Алматы облысының қорғаныс құрылыстары қорының дайындық жағдайын анықтау мақсатында 2025 жылы 30 қаңтар мен 13 ақпан аралығында облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен  облыстың ТЖД-мен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын түгендеу жұмыстарын атқарды.

Қорғаныс құрылыстарын түгендеу облыстың барлық аудандарында жүргізілді, оның барысында түгендеу комиссиясы түгендеу актілерін жасай отырып, азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарына тексеру жүргізіп, қорғаныс құрылыстарының қорын құрды.