
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 14 қарашада жұмылдыру дайындығы басқармасы және Қарасай ауданы әкімдігі бірлесіп Азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығу ұйымдастырып, өткізді: «Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері».
Оқу мақсаттары:
1) Азаматтық қорғау, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындаудың толықтығы мен сапасын талдау;
2) азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін енгізу кезінде басқару органдарының, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының міндеттерді орындауға әзірлік деңгейін айқындау;
3) табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал ТЖ салдарын жоюға басшы құрамның, азаматтық қорғау қызметтерінің, құралымдар командирлерінің және халықтың әзірлігі мен қабілетінің деңгейін жетілдіру;
4) ТЖ салдарын жоюдың неғұрлым жетілдірілген жолдары мен тәсілдерін айқындау, аудан құрамаларын әзірлікке келтіру, қабылдау эвакуациялық пункттерін (бұдан әрі - ҚЭП) өрістету мерзімдерін қысқарту;
5) басшы құрамға бағынысты күштерді басқаруда, туындаған жағдайды дұрыс бағалауда, неғұрлым орынды шешімдер қабылдауда, орындаушыларға міндеттер қоюда және олардың орындалуын ұйымдастыруда берік дағдыларды үйрету;
6) ықтимал ТЖ зардаптарын жою жағдайына құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының мақсатына сәйкестігін және іс – қимылдарына дайындығын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерінің болуы мен жай-күйін бағалау.
Қарасай ауданының зардап шеккен тұрғындарын қабылдау жұмыстары көрсетілді, практикалық пысықтау үшін баспанасыз қалған зардап шеккен тұрғындардың шатырлы лагері ашылды, тамақтандыруды ұйымдастыру пункттері, медициналық пункт ашылды.
Оқу-жаттығулар қолданыстағы әрекет ету тетіктерінің тиімділігін бағалауға және азаматтық қорғау жүйесіндегі әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік берді.
Кешенді оқу-жаттығулар Қарасай ауданының шұғыл және жедел қызметтерінің әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығының жақсы деңгейін растады.