Үйлестіру Кеңесі

Үйлестіру Кеңесі

2024 жылғы 29 қарашада Үйлестіру кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде Алматы облысы әкімдігінің жанынан шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті.

Орындаудағы және өз шешімін талап ететін бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Алматы облысының шекаралық инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша жол карталарын іске асыру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы подполковник Бердіғұл Ерқанат Азатбекұлы баяндама жасады.

ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау пункттерінің бірі мемлекеттік шекараны (ерікті жасақшыларды) қорғауға қатысатын ҚР азаматтарын ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру механизімін әзірлеу мәселесі болып табылады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әбдірахым Н.Е. Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған азаматтарды материалдық ынталандыру тетігін қысқа мерзімде қарау жөнінде тапсырма берді.

Жоғарыда аталған қаржыландыру механизм енгізу шекаралық кеңістік режимінің жұмыс істеуін тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ азаматтардың шекара қызметіне сенім дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.