Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер бірыңғай далалық киім нысанына көшті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер бірыңғай далалық киім нысанына көшті

Қарулы күштерде қысқы далалық киімнің жаңа үлгілеріне көшкен жеке құрамның саптық байқаулары өтті.

Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшілерге арналған бірыңғай далалық киім нысанына көшу қажеттілігі 2023 жылғы мамырда өткен бүкілармиялық кеңесте мәлімделген болатын. ҚР Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығы шыққаннан кейін қойылған тапсырмаларды іске асыру басталды.

Қарулы күштер Тылы бастығының орынбасары полковник Әсет Оразалин түсіндіргендей, ерекше кезеңде басқа әскерлер мен әскери құралымдар Қарулы күштердің басқаруына өтеді. Тиісінше, бүркемелеу функциясын орындайтын және климат пен аймақтың географиялық ерекшеліктерін ескеретін далалық форма да біртұтас болуы керек.

Киім формасы 1999, 2006 және 2011 жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бірақ барлық күштік құрылымдар әскери қызметшілерінің бірыңғай стилі мен түсіне көшу алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Сондай-ақ, әскери киім-кешек мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында тек отандық кәсіпорындарда жасалатынын атап өткен жөн.