
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 30 мен 31 қазан күндері аралығында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы және облыстық ТЖД-мен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі немесе туындау жағдайында мемлекеттік органдардың, төтенше жағдайлар қызметінің және халықтың іс-әрекеттері» атты кешенді оқу-жаттығуы өткізілді.
Төтенше жағдайларды жою жоспарына және аудан әкімінің шешіміне сәйкес зардап шеккен халыққа арналған шатырлы лагерь құрылды.
Практикалық сабақтар төрт оқу орнында өткізілді:
1) «Қазселденқорғау» АҚ аудандық филиалының бөлімшелерімен өзен арнасын шөгінділерден тазарту және түзету бойынша инженерлік жұмыстар жүргізу;
2) Еңбекшіқазақ ауданының шұғыл ден қою жасағын құру; (Есік қаласының Мәдениет үйі, Абай көшесі 318 а);
3) зардап шеккен халық үшін шатырлы қалашықты өрістету (Есік қаласының «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі», Абай көшесі, 130);
4) жарылғыш заттарды сақтай отырып шартты өртті сөндіру (Есік қаласында Алтын Адам көшесі, 159 «б» бойынша «Royal Petrol» жанармай құю);
Кешенді оқу-жаттығуға Еңбекшіқазақ ауданының азаматтық қорғауға қатысты қызметтерінен 18 дана арнайы техника және 60 жуық адам тартылды. Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының күш-құралдары мен басқару органдардың азаматтық қорғауға қатысты қызметтерінің жұмыстары және жер сілкінісі кезінде халыққа іс-қимыл дағдыларын үйрету әдістері пысықталды.