
Облыс әкімі М. Е. Сұлтанғазиевтің тапсырмасын орындау мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен және оларды жоюмен байланысты іс-шаралар кешенін, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларын пысықтау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Еңбекшіқазақ ауданының аумағында «Жойқын жер сілкінісі кезінде халықтың және мемлекеттік қорғау жүйесінің әрекеті» тақырыбында барлық басқару органдарын, азаматтық қорғау құралымдарын, объектілік қызметтерді және аудан тұрғындарын тарта отырып кешенді оқу-жаттығуды өткізу жоспарлануда.
Жаттығудын негізгі мақсаттары:
1) азаматтық қорғау, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындаудың толықтығы мен сапасын талдау;
2) азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін енгізу кезінде басқару органдарының, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының міндеттерді орындауға әзірлік деңгейін айқындау;
3) табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал ТЖ салдарын жоюға басшы құрамның, азаматтық қорғау қызметтерінің, құралымдар командирлерінің және халықтың әзірлігі мен қабілетілігінің деңгейін жетілдіру;
4) ТЖ салдарын жоюдың неғұрлым жетілдірілген жолдары мен тәсілдерін айқындау, аудан құрылымдарының дайындыққа келтіру мерзімдерін қысқарту, қабылдау эвакуациялық пункттерін әзірлікке, орналастыруға;
5) басшы құрамға бағынысты күштерді басқару кезінде, туындаған жағдайды дұрыс бағалау жағдайында, неғұрлым орынды шешімдер қабылдау кезінде, орындаушыларға міндеттер қоюда және олардың орындалуын ұйымдастырудағы берік дағдыларды үйрету;
6) ықтимал ТЖ зардаптарын жою жағдайына құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының мақсатына сәйкестігін бағалау және іс – қимылдарына дайындығы, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерінің болуы мен жай-күйі.