Алматы облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізілуде

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізілуде

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес 2024 жылы аумақтық қорғаныс бригадасы резервісімен Талғар және Жамбыл аудандарында жыл сайынғы 2 әскери жиын өткізу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Талғар ауданында әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізілді.
2024 жылдың қыркүйек айының 16 мен 25 күндері аралығында Жамбыл ауданында әскери міндеттілердің лагерьлік әскери жиындары өтті.
Аталған шарада әскери жиынның барлық кезеңінде әскери даярлық пен практикалық дағдылардың талап етілетін деңгейін ұстап тұру, әскери міндеттілерді қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерінде оларды жауынгерлік қолдану, жүргізу және қызмет көрсету бойынша өз міндеттерін орындауда жаттықтыру бойынша сабақтар өткізілуде.