Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты сенімді қамтамасыз ету

Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты сенімді қамтамасыз ету

          «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы баскармасы» мемлекеттік мекемесі «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына шақыруды қамтамасыз ету болып табылады.

            Мекеменің құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады.  Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Алматы облысы мәслихатының шешімдеріне, Алматы облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

            Мекеменің уәкілетті органы «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

            Мекемеге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын Алматы облысының әкімдігі жүзеге асырады.

            Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, шығыстардың жылдық сметасы (жоспары) бар, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады, белгіленген тәртіппен бекітілетін штаттық кестесі бар.

            Екі облыстың бөлінуіне байланысты мемлекеттік мекеме бүгінгі күні аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімшелеріне материалдық-техникалық мүлікті көшіруді аяқтады. Бүгінгі күні жалға алынған үй-жайлар мен қоймаларда материалдық-техникалық құралдар мен әскери мүлікті түгендеу жалғасуда, барлық тасымалданған мүлік арнайы жабдықталған стеллаждарға орналастырылып төселеді.

            Материалдық-техникалық мүліктің барлық мәселелері, оны сатып алу және тиісті бақылауда ұстау тәртібі «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ басшысы Ғ. Қ. Тоқпеиісовтың тұрақты бақылауында болады.