АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности Управления государственного архитектурно-строительного контроля Алматинской области

 

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА


Қонаев қ.                                                                          2025 жылғы 4 сәуір

 

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2025 жылғы 13 наурыздағы №52-ө бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау басқарманың 2024 жылғы жұмыс кезеңін қамтыды.

Басқарма өз қызметін облыс әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі №222 Қаулысымен бекітілген Ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады. Ережеге сәйкес Басқарманың миссиясы Алматы облысының аумағында сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік басқару функциясын іске асыру болып табылады.

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

  1. БАСҚАРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

  1. Басқарма өз қызметінде келесі заңдарды басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Жер Кодексін;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығын;

- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығын;

- «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығын;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығын;

- «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылы01 сәуірдегі № 175 бұйрығын;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығын;

- «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығын.

 

  1. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық нормалары (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.)

Басқарма өз қызметін жоғарыда көрсетілген заңнамаларға және Басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормаларды талдау қорытындысы бойынша анықталған жоқ.

 

  1. БАСҚАРМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1 Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

2024 жылғы 5 мамырындағы штат кестесіне сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 18.10.2023 жылғы №187 қаулысына сәйкес Басқарманың жалпы штат саны 14 бірлікті құрайды (оның ішінде: басшы – 1, бөлім басшылары – 3, бас мамандар – 10), оның ішінде: бос орындар жоқ.

Штаттан тыс қызметшілер – 3 бірлік.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша іс жүзінде 12 мемлекеттік қызметші, 3 азаматтық қызметші жұмыс істеді.

Басқару құрылымы 3 бөлімнен тұрады, оның ішінде:

  1. Басшылық – 1 бірлік;
  2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі - 8 бірлік;
  3. Лицензиялау және аттестаттау бөлімі – 2 бірлік;
  4. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі – 3 бірлік;

Талданған кезеңде басқарудағы таза айналым 0% құрайды.

Басқарма басшының, 2024 жылғы 2 шілдесіндегі №13-ж бұйрығына сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Әуез Мұхтарұлы Смадин және 2024 жылғы 1 қарашадағы №23-ж бұйрығына сәйкес, әкімшілі-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Нурбол Толендиевич Ботабеков басқа басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығарылған.

Талданған кезеңде лауазымын төмендету фактілері анықталған жоқ. Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік сәулет-құпрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымына Басқарма басшының бұйрығына сәйкес Данияр Утегенович Шойынжаноы және Абылай Мухтарұлы Расылхан тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту орын алмады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үш жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі, осылайша 2024 жылы мемлекеттік басқару академиясының филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар-кестесіне сәйкес 3 қызметкер оқудан өтті. 2024 жылы 5 қызметкерді оқыту жоспарланған

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес шектеулер қабылдады.

Қызметкерлердің Мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты кадрлық іс жүргізуді жүргізу автоматты түрде «Е-қызмет» жүйесіне енгізіледі.                        «Е-қызмет» жүйесі барлық мамандарға белгіленген.

Қорытындылар: Талдаумен персоналды басқару желісі, заңсыз сыйақы беру, мереке күндеріне жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.2 Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша

Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.

Басқарма мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізеді.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

 

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

- «Іздестіру қызметіне лицензия беру»,

- «Жобалау қызметіне лицензия беру»,

- «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»,

- «Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»,

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

Барлығы 2024 жылы қантар-желтоқсан айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардан лицензия алуға және қайта ресімдеуге 474 өтініш келіп түсті, оның 389-і қанағаттандырылды:

Құрылыс-монтаж жұмыстары – 267;

Жобалау қызметі -84;

Іздестіру қызметі-38;

құжаттардың толық болмауы және біліктілік талаптары бойынша бас тартылғаны -85;

Лицензияның күшін жою туралы өтініш-3.

 

 Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға аттестаттар алуға келіп түскен өтініштер саны - 274

Тестілеуге жіберілмегендері – 55;

Аттестатталғандары – 219, оның ішінде:

Техникалық қадағалау – 128;

Авторлық қадағалау – 46;

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау – 23;

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру – 22;

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге келіп түскен өтініштер саны – 11, оның 11-і қанағаттандырылды:

Құжаттардың толық болмау бойынша негізгі бас тартулар лицензиялық алымды дұрыс төлемеу болды (БСК дұрыс емес, тиісті емес адамға және дұрыс көрсетілмеген алушыға ақы төлеу), сондай-ақ өтініш берушілердің мәліметтер нысанын дұрыс толтырмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталған жоқ.

 

2.4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Қағидалармен бекітілген нормаларға сәйкестігі.

Талдау Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процесі қолданыстағы Ереженің талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.

 

2.5 Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.

Мемлекеттік қызметтерді талдау барысында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы анықталмаған.

 

2.6  Бақылау функцияларын іске асыру желісі бойынша

2024 жылы Басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларға қатысты 779 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде 229әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Басқарма тарапынан 550 әкімшілік істер қаралып 162 225 312 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кету керек, айыппұлдар сомасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдануды ескере отырып көрсетілген, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және оны мойындаған адамдар жеті тәулік ішінде көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.

Салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу барысында, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік құрылыс инспекторлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер нормаларының және құрылыс нормаларының бұзылуын анықтайды.

Ең жиі жасалатын бұзушылықтар ол жобалау-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей салу болып табылады.

Сонымен қатар, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқу жағдайларына жол беріледі.

Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол бергені үшін Басқармамен 6 ай мерзімге сарапшылар аттестаттарының қолданылуын тоқтатып әкімшілік айыппұл салумен 36 әкімшілік іс сарапшыларға қатысты қозғады және 9 әкімшілік іс аккредиттелген ұйымға қатысты қарастырылды.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде бұзушылықтар бойынша 50 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәуекелдердің сипаттамасы:

1) «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ғ Исбай заң талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлға Н. Жүнісбекке қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-тармағы, 321 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттама толтырды және және 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып Талғар аудандық сотының қарастыруына жолданды.

2024 жылғы 5 желтоқсандағы №148 тексерісті тағайындау туралы актісі негізінде жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша Басқарманың бас маманы Ғ.Исбаймен әзірленген 12.12.2024 ж. №148 бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасында (бұдан әрі – Нұсқама,) меншік иесі Ж.А.Алибекова тарапынан аталған нысанды салу барысында жіберілген кемшіліктер, атап айтқанда, сәулет-құрылыс жобасынсыз, жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қалақұрылыс және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелерінің тиісті шешімінсіз, авторлық және техникалық тұлғалардың қатысуынсыз, құрылыс жинақтау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз жүргізілгендігі көрсеткенілген.

Ж.А. Алибекова 2024 жылғы 05 желтоқсандағы №148 берілген актіге және ұйғарымға наразылығын білдіріп Алматы облысы мамандандырыған ауданаралық сотына әкімшілік талап берілген. Алайда  Алматы облысы мамандандырыған ауданаралық соты Ж.А.Алибекованың  әкімшілік талабын қанағаттандырусыз қалдырды.

Ж.А. Алибекованың талап арызын қарау кезінде, сот тарапынан «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ғ. Исбайдың тарапынан келесі заң бұзушылықтар анықталды.

Басқарманың жауапты тұлғаларымен меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тартумен ғана шектеліп, Нұсқамада аумағы 20,5 ш.м. болатын заңсыз салынған дүкен ғимаратын бұзу міндеті белгіленбегендіктен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 50 бабы, 1 тармағында айтылған тексерілген субъектіге қолдау көрсетілді деп пайымдап, тескерістің түпкілікті мақсаты орындалмады деп көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес, «мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады және бұзуға негіз болып табылады.

Ұсыным: Тексеру жүргізу, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту, нұсқама шығару тәртібі мен мерзімдерін қатаң сақтау. Тексеру жүргізу және әкімшілік материалдарды қарастыру кезінде басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныс әзірлеу.

 

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 718-бабына сәйкес, объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

309 – бап бойынша тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

315 – бап бойынша, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік құрылыс инспекторлары тарапынан 309 және 315 баптар бойынша шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер туындайды, айыппұлдың орнына ескерту жасау бөлігінде жауапкершілікті жеңілдету мүддесіндегі мәселелерді шешеді.

Ұсыным: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін тиісті органға 309 және 315-баптардан ескерту түріндегі жауаптылық шарасын алып тастау туралы ұсыныс жіберілсін.

 

2.7 Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді (бұдан әрі-ҚР ӘРПК).

ӘРПК әкімшілік орган (лауазымды адам) мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Бұл қатынастарды реттеу сыртқы әкімшілік рәсімдермен, сондай-ақ әкімшілік сот процесімен (егер мемлекет пен адам немесе ұйым арасында жария-құқықтық дау болса) белгіленеді.

Басқармаға 2024 жылда – 846 өтініш келіп түсті, оның ішінде 358 - заңды тұлғалардан, 488 - жеке тұлғалардан.

Тексерілетін кезеңде әкімшілік рәсімді қарау мерзімдері мен тәртібін сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

 

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысына ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне салыстыру тәртібін реттеу үшін Заңның №75-1-бабының нормаларына өзгерістер енгізу үшін, сондай-ақ салыстыру қорытындылары бойынша бұзушыларға, оның ішінде заңнаманың және мемлекеттік органдардың талаптарын бұза отырып, пайдалануға қабылдау актісін қайта жібергені үшін шаралар қабылдау үшін ұсыныстар енгізу.
  • Тексеру жүргізу, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мен мерзімдерін қатаң сақтау. Тексеру жүргізу және әкімшілік материалдарды қарастыру кезінде басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныс әзірлеу;
  • Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін тиісті органға 309 және 315-баптардан ескерту түріндегі жауаптылық шарасын алып тастау туралы ұсыныс жіберілсін.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтаманы Басқарманың сайтына орналастырылсын.

 

 

Е. Абикен

 

К. Тойшиев

 

Г. Узенбаев

 

Э. Молдахова

 

Р. Батырбеков

 

 

Танысты:                                                        А. Әуесбай                                                                

Дата публикации
21 апреля 2025