Внутренний анализ коррупционных рисков

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА


Қонаев қ.                                                                          2024 жылғы 26 наурыз

 

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2024 жылғы 07 наурыздағы №33-ө бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау басқарманың 2023 жылғы жұмыс кезеңін қамтыды.

Басқарма өз қызметін облыс әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі №222 Қаулысымен бекітілген Ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады. Ережеге сәйкес Басқарманың миссиясы Алматы облысының аумағында сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік басқару функциясын іске асыру болып табылады.

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

  1. БАСҚАРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

  1. Басқарма өз қызметінде келесі заңдарды басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін;

- Қазақстан Республикасының Жер Кодексін;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығын;

- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығын;

- «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығын;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығын;

- «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылы01 сәуірдегі № 175 бұйрығын;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығын;

- «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығын.

 

  1. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық нормалары (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.)

Басқарма өз қызметін жоғарыда көрсетілген заңнамаларға және Басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормаларды талдау қорытындысы бойынша анықталған жоқ.

 

  1. БАСҚАРМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1 Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

2023 жылғы 01 қыркүйектегі штат кестесіне сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 21.06.2022 жылғы №216 қаулысына сәйкес Басқарманың жалпы штат саны 13 бірлікті құрайды (оның ішінде: басшы – 1, бөлім басшылары – 3, бас мамандар – 9), оның ішінде: бос орындар жоқ.

Штаттан тыс қызметшілер – 4 бірлік.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша іс жүзінде 13 мемлекеттік қызметші, 2 азаматтық қызметші жұмыс істейді.

Басқару құрылымы 3 бөлімнен тұрады, оның ішінде:

  1. Басшылық – 1 бірлік.;
  2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі - 7 бірлік;
  3. Лицензиялау және аттестаттау бөлімі – 2 бірлік;
  4. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі – 3 бірлік.;

Талданған кезеңде басқарудағы таза айналым 0% құрайды.

Басқарма басшының 2023 жылғы 02 мамырдағы №5-ж бұйрығына сәйкес, мемлекеттік сәулет-құпрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Алибек Зейнуллаевич Камалов басқа қалаға көшуіне байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылған.

Талданған кезеңде лауазымын төмендету фактілері анықталған жоқ. Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік сәулет-құпрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымына Басқарма басшының бұйрығына сәйкес Данияр Ермекұлы Сарымбеков және Әуез Мұхтарұлы Смадин тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту орын алмады.

Ұлт жоспарының 9-қадамына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үш жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі, осылайша 2022 жылы мемлекеттік басқару академиясының филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар-кестесіне сәйкес 3 қызметкер оқудан өтті. 2023 жылы 3 қызметкерді оқыту жоспарланған

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес шектеулер қабылдады.

Қызметкерлердің Мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты кадрлық іс жүргізуді жүргізу автоматты түрде «Е-қызмет» бірыңғай дерекқорына енгізіледі. «Е-қызмет» базасы әрбір маманға белгіленген.

Қорытындылар: Талдаумен персоналды басқару желісі, заңсыз сыйақы беру, мереке күндеріне жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.2 Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша

Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.

Басқарма мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізеді.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

 

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

- «Іздестіру қызметіне лицензия беру»,

- «Жобалау қызметіне лицензия беру»,

- «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»,

- «Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»,

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

Барлығы 2023 жылы қантар-маусым айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардан лицензия алуға және қайта ресімдеуге 330 өтініш келіп түсті, оның 236-і қанағаттандырылды:

Құрылыс-монтаж жұмыстары – 179;

Жобалау қызметі -47;

Іздестіру қызметі-10;

құжаттардың толық болмауы және біліктілік талаптары бойынша бас тартылғаны -87;

Қаралуда—4;

Лицензияның күшін жою туралы өтініш-3.

 

 Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға аттестаттар алуға келіп түскен өтініштер саны -203

Тестілеуге жіберілмегендері – 42;

Қарауда -9;

Аттестатталғандары – 152, оның ішінде:

Техникалық қадағалау – 114;

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру – 12;

Авторлық қадағалау – 16;

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау – 10;

Құжаттардың толық болмау бойынша негізгі бас тартулар лицензиялық алымды дұрыс төлемеу болды (БСК дұрыс емес, тиісті емес адамға және дұрыс көрсетілмеген алушыға ақы төлеу), сондай-ақ өтініш берушілердің мәліметтер нысанын дұрыс толтырмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталған жоқ.

 

2.4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Қағидалармен бекітілген нормаларға сәйкестігі.

Талдау Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процесі қолданыстағы Ереженің талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.

 

2.5 Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.

Мемлекеттік қызметтерді талдау барысында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы анықталмаған.

 

2.6  Бақылау функцияларын іске асыру желісі бойынша

2023 жылы Басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларға қатысты 711 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде 228 әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Басқарма тарапынан 483 әкімшілік істер қаралып 140 259 750 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кету керек, айыппұлдар сомасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдануды ескере отырып көрсетілген, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және оны мойындаған адамдар жеті тәулік ішінде көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.

Салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу барысында, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік құрылыс инспекторлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер нормаларының және құрылыс нормаларының бұзылуын анықтайды.

Ең жиі жасалатын бұзушылықтар ол жобалау-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей салу болып табылады.

Сонымен қатар, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқу жағдайларына жол беріледі.

Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол бергені үшін Басқармамен 6 ай мерзімге сарапшылар аттестаттарының қолданылуын тоқтатып әкімшілік айыппұл салумен 35 әкімшілік іс сарапшыларға қатысты қозғады және 5 әкімшілік іс аккредиттелген ұйымға қатысты қарастырылды.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде бұзушылықтар бойынша 40 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәуекелдердің сипаттамасы:

1) "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ш. Мамбетов заң талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлға Н. Жүнісбекке қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2023 жылғы 14 тамызда №231900620000554 хаттама толтырды.

Н. Қ. Жүнісбек "Қарасай ауданынң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлік, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметтің бас маманы бола отырып "Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жүйені қайта сумен жабдықтауды құру және салу объектісі бойынша" 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде №45 нұсқама бойынша анықталған бұзушылықтар жойған жоқ.

Сот отырысында белгіленген мән-жайлар кезінде, сот бас маман Н. Қ. Жүнісбекке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының іс-әрекеттері жоқ болғандықтан іс жүргізуді тоқтатты.

Н. Қ. Жүнісбекке қатысты істі қарау кезінде, сот тарапынан "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ш. Ш. Мамбетов тарапынан заң бұзушылықтар анықталды.

Ш. Ш. Мамбетовтың түсіндірмесіне сәйкес, 2023 жылғы 14 тамыздағы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы №231900620000554 хаттама лауазымды тұлғаға қатысты толтырылды.

Сотта 2023 жылғы 30 маусымда уәкілетті орган Жаңатұрмыс ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жөніндегі объектіде анықталған бұзушылықтарды жою туралы №45 нұсқама, орындалу мерзімі 2023 жылғы 31 шілдеге дейін берілгені анықталды, бұл нұсқама "Қарасай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль көлігі, жол және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына Е. З. Самуратовқа табысталды.

Іс материалдарынан жоғарыда көрсетілген нұсқаманы орындау мерзімі өткеннен кейін, яғни 2023 жылғы 1 тамызда бас маман - Н. К. Жүнісбек 2023 жылғы 1 тамыздағы №111 бұйрық негізінде Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылындағы сумен жабдықтау объектісі бойынша уақтылы және сапалы бақылауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген.

Ал, ӘҚБтК-нің 30-бабында Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.

Осы баптың ескертпесінде Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп танылады.

Жоғарыда көрсетілген нормаларды ескере отырып, бас маман Ш. Ш. Мамбетов, хаттама жасау кезінде лауазымды тұлға субъектісін дұрыс анықталмаған, осылайша тиісті адам жауапкершілікке тартылмады.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жеке тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғаған бас маман Ш. Ш. Мәмбетов тарапынан іс бойынша іс жүргізу кезінде ӘҚБтК-нің іс жүргізу нормаларын елеулі бұзушылықтардың жол бергені туралы куәландырады және ӘҚБтК-нің 741-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді алып тастайды және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының іс-әрекеттерінде болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін негіз болып табылады.

Ұсыным: Тексеру жүргізу, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мен мерзімдерін қатаң сақтау. Тексеру жүргізу және әкімшілік материалдарды қарастыру кезінде басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жадынама әзірлеу.

 

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 718-бабына сәйкес, объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

309 – бап бойынша тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

315 – бап бойынша, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік құрылыс инспекторлары тарапынан 309 және 315 баптар бойынша шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер туындайды, айыппұлдың орнына ескерту жасау бөлігінде жауапкершілікті жеңілдету мүддесіндегі мәселелерді шешеді.

Ұсыным: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін тиісті органға 309 және 315-баптардан ескерту түріндегі жауаптылық шарасын алып тастау туралы ұсыныс жіберілсін.

 

2.7 Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді (бұдан әрі-ҚР ӘРПК).

ӘРПК әкімшілік орган (лауазымды адам) мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Бұл қатынастарды реттеу сыртқы әкімшілік рәсімдермен, сондай-ақ әкімшілік сот процесімен (егер мемлекет пен адам немесе ұйым арасында жария-құқықтық дау болса) белгіленеді.

Басқармаға 2023 жылда – 2042 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1989 - заңды тұлғалардан, 53 - жеке тұлғалардан.

Тексерілетін кезеңде әкімшілік рәсімді қарау мерзімдері мен тәртібін сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

 

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысына ұсынылады:

  • Тексеру жүргізу, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мен мерзімдерін қатаң сақтау. Тексеру жүргізу және әкімшілік материалдарды қарастыру кезінде басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жадынама әзірлеу;
  • мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін тиісті органға 309 және 315-баптардан ескерту түріндегі жауаптылық шарасын алып тастау туралы ұсыныс жіберілсін.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтаманы Басқарманың сайтына орналастырылсын.

 

 

Н. Ботабеков

 

К. Тойшиев

 

Г. Узенбаев

 

Ж. Темиргалиева

 

Р. Батырбеков

 

 

Танысты:                                                Қ. Жақсымбетов       

Внутренний анализ коррупционных рисков
Дата публикации
20 июня 2024