Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ»

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
27 мая 2021