Алматы облысының аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау және қадағалау жүргізу;
Салынып жатқан құрылыс объектілерінде объектілер құрылысының сапасына, қолданыстағы Мемлекеттік, сондай-ақ мемлекетаралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
Жеке және заңды тұлғалардың жобалау-іздестіру, сараптама, құрылыс - монтаж жұмыстарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау қызметін, жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалауын және объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша мердігерлердің қадағалауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығын анықтау бойынша тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет - құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға тиісті шаралар қабылдау;
Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімдерінен) ауытқуларға жол берілген жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорынның) жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама шығарады;