GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Республика күні құтты болсын!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қаланды. Бұл тарихи қадам – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа ұластырған, ұлт тағдырындағы жаңа кезеңге жол ашқан маңызды белес.

«Өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр» деген тағылымды сөз тарихымызды құрметтеуге, егемендіктің қадірін терең түсінуге үндейді. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жетістіктеріміз – ұрпақтар сабақтастығының, халқымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Елдігімізді нығайтып, Отанымызды өркендету – баршамызға ортақ міндет. Ынтымағымыз артып, әрбір игі бастамамыз туған жеріміздің дамуына, келер ұрпақтың жарқын болашағына қызмет ете берсін!

Осы ұлық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, еліміз құт-берекеге толсын!

Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Республика күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Алматы облыстық мәслихатының аппараты

Мәслихат сессиялары
12 октября 2026
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Қанат Есболатов, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.

Сессия барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, облыстық бюджетке өзгерістер енгізуге, сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізуге және учаскелік комиссиялар туралы ережені келісуге қатысты мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз баяндама жасап, Алматы облысының 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.

Талқылау барысында басымдыққа ие емес шығыстарды оңтайландыру, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлу мәселелері қаралды. Негізгі назар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және үнемделген қаражатты өңір үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағыттауға аударылды.

Аталған ұсыныстар депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, өңірдің өзекті қажеттіліктері мен бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылды.

Содан кейін Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 34-155 «Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу,  учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу мәселесі талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

05 октября 2026
Ұстазға құрмет – ұрпаққа тағзым

Құрметті ұстаздар, ардақты білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен ізгілік дәнін себетін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға.

Абай Құнанбайұлы:
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», – деп ұстаз еңбегінің ұлылығын дәл бағалаған.

Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі тынымсыз еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз – қоғамымыздың жарқын болашағына қосылған баға жетпес үлес.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, шығармашылық шабыт және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы әрдайым еңбектеріңіздің жемісі болсын!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметпен,
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы                                                        Қ. Байғоджаев

01 октября 2026
Қарияларымызға – құрмет пен тағзым!

Қымбатты да ардақты асыл аталар мен ақжаулықты әжелер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы қашанда «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп, ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қарияны төріне шығарған. Сіздер – елдің өткенін өнеге етіп, бүгінін бағамдап, келешекке жол сілтер ақылдың кені, тәрбиенің темірқазығы, берекенің бастауысыздар.

Сіздердің ғибратты ғұмыр жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі, маңдай термен атқарған еңбектеріңіз – ел тарихының ажырамас бөлігі. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбектеріңіз бен өмірлік өнегелеріңіз ешқашан ұмытылмайды.

Бүгінде ақыл-парасаттарыңызбен елге бағыт-бағдар беріп, жастарға баталарыңызды арнап, қоғамның рухани тұтастығына қызмет етіп келесіздер. Сіздердің әрбір ақ тілектеріңіз бен ақ баталарыңыз – елдің ертеңіне деген сенімнің жарқын көрінісі.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық пен ынтымақ тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, немере-шөберелеріңіздің шат күлкісіне бөленіп, төрден кетпей, абыройдан таймай, елдің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!

Құрметпен, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев

 

Депутаттардың азаматтарды қабылдау кестесі
30 сентября 2026
Алматы облыстық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады

2026 жылдың қыркүйек айында облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары Қ.Ақберген, Н.Бокыбаев, В.Гринченко, Б.Ушуров, Ә.Ақжолтаева, Е. Жақсыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Депутаттардың қабылдауына келген 30 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 12 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі   айтылды.

Мәслихат сессиялары
30 сентября 2026
Мәслихат отырысында өзекті мәселелер талқыланды

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Жиынға мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев төрағалық етті. Аталған сессия отырысына облыс әкімі Ш.Әрінов, мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері және аудан-қала әкімдері қатысты.

Сессия барысында жастар саясаты, қоғамдық қауіпсіздік, жол инфрақұрылымы, бюджет, су шаруашылығы, жер қатынастары және жануарларды ұстау мәселелері талқыланды.

Жастар саясаты бағытында жастарды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру және жастар орталықтарының жұмысын дамыту мәселелеріне басымдық берілді. NEET санатындағы жастар санын азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі атап өтілді.

Қоғамдық қауіпсіздік мәселесі бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, әсіресе интернеттегі деструктивті ақпараттың таралуына жол бермеу бағытындағы профилактикалық жұмыстар талқыланды.

Жол инфрақұрылымы бойынша өңірдегі автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп-ұстау және қауіпсіздікті арттыру жұмыстары қаралды. Негізгі мақсат – жолдардың сапасын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу мәселесі қаралды.

Сессияда үй жануарларын ұстау және серуендету талаптарын жетілдіру, қараусыз қалған жануарларды аулау мен уақытша ұстау тәртібін нақтылау мәселелері де талқыланды. Бұл өзгерістер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жануарларды бақылау жүйесін реттеуге бағытталған.

Сессия қорытындысында облыс әкімі қабылданған шешімдердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сайлау комиссиялары
25 сентября 2026
Алматы облыстық мәслихатының Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облыстық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссияларының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларының мүшелерін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 10 қазанына дейін облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгі бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген үлгі бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің үлгілері, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың сайтында орналастырылған.        

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 9 қазан аралығында, дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 Алматы облыстық мәслихаты

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы – Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы. 

Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4 үй, Алматы облыстық әкімдіктің ғимараты.

Жауапты адам – Алдабергенова Айым Алдабергенқызы, 6-қабат, каб. №613, қалааралық телефон коды (872772), қызметтік телефоны: 2-03-46, ұялы телефоны: 87478613614, электрондық пошта мекенжайы: ok@almoblmaslihat.gov.kz.

Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі келесі округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіледі (бос орындарға жаңа мүшелер сайланады):

№

 

Округтік сайлау комиссия   сының  нөмірі

Сайлау комиссиясы объектісінің атауы

Сайлау комиссиясының мекенжайы

Бос орындар саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

 

№5

 

№ 49 орта мектебі

 

Іле ауданы, Қараой ауылы

 

Қаратал көшесі

 

50

 

1

 

2

 

№8

 

Абай атындағы орта мектеп-гимназия

 

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

 

Гоголь көшесі

 

44

 

2

 

3

 

№9

 

Шамалған ауылының мәдениет үйі

 

Қарасай ауданы, Шамалған ауылы

 

Жібек Жолы көшесі

 

54

 

5

 

4

 

№10

 

Батан орта мектебі

 

Қарасай ауданы, Батан ауылы

 

Саламатов көшесі

 

1

 

5

 

5

 

№ 14

 

№ 42 орта мектебі

 

Талғар ауданы, Кеңдала ауылы

 

Қабанбай батыр көшесі

 

2

 

4

 

6

 

№ 16

 

Н. Островский атындағы орта мектебі

 

Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы

 

Балагөзов көшесі

 

2

 

3

 

7

 

№17

 

Абай атындағы орта мектебі

 

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы

 

Қабылов көшесі

 

2

 

2

 

 

Алматы облыстық  мәслихаты

Тұрақты комиссиялар
23 сентября 2026
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Алматы облысының аграрлық саласы мен кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында өңірдегі ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Отырыста ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті қолдау, субсидиялау тетіктері мен қаржыландыру көлемі, мал шаруашылығын дамыту жоспарының орындалу барысы, сондай-ақ күзгі егіс жұмыстарының жүргізілуі талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржыландыруға және жер ресурстарына қолжетімділігіне қатысты мәселелерге назар аударылды.

Кәсіпкерлік субъектілерін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар туралы да ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу мәселесі қаралып, тиісті ұсыныстар талқыланды. Ветеринария саласында елді мекендерде үй жануарларын ұстау және серуендету, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Отырыс барысында депутаттар көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баяндамаларын тыңдап, өңірдің ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын одан әрі дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Мәслихат сессиялары
21 сентября 2026
Алматы облыстық мәслихатының депутаты Қ. Ақберген азаматтарды қабылдайды
Мәслихат сессиялары
21 сентября 2026
Алматы облыстық мәслихатының депутаты Н.Гринченко азаматтарды қабылдайды
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы