1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!


Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – көк туын көкте желбіреткен бейбіт еліміздің, жүрегі бір, тілі мен мәдениеті әртүрлі болғанымен, мақсат-мүддесі ортақ халықтың татулығы мен тұтастығын айшықтайтын ерекше күн. Сан ұлттың өкілі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің дамуына бірлесіп үлес қосып келеді.

Халқымыз «Бірлік – елдің ырысы, ынтымақ – берекенің бастауы» деп бекер айтпаған. Бүгінгі бейбіт өміріміз – осы берік бірліктің, өзара түсіністік пен келісімнің жемісі. Ел ішінде тұрақтылық пен татулықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Бірлігіміз бекем, еліміз аман, келешегіміз жарқын болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Алматы облыстық мәслихат төрағасы                                                                          Қ.Байғоджаев