
Алматы облыстық мәслихатының ХХХVІ сессиясы отырысы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаевтың төрағалығымен өтті.
Кезекті сессияда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды: «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бойынша іске асыру барысы, Өтеген батыр ауылындағы мәдениет үйіне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жөніндегі ұсыныс, Облыстық бюджет комиссиясының құрамын бекіту, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясына және округтік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізу.
Сессия отырысына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.
Барлық шешімдер мен ұсыныстар депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.