Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы комиссия төрағасы М. Бигелдиевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары мен салаға жетекшіліе ететін басшылар мен мамандары қатысты.

Күн тәртібінде Алматы облысының Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының 2024 жылы және 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарыгың есебі және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы есебі тыңдалды.