С празником Наурыз!

С празником Наурыз!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – көктемнің құшағында тіршіліктің жаңаруы, жаңа үміттер мен армандардың тұла бойды тербететін, көңілге жылылық сыйлайтын мереке.
Алматы облысы – тарихи құндылықтар мен мәдени байлықтарға толы аймақ. Әрбір елді мекен, әрбір адам бұл өлкеде өз үлесін қосып, елдің берекелі болуына қомақты еңбек сіңіруде. Наурыз мейрамы – бізге осы рухани байлықты, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық бірлігімізді сақтау мен болашаққа деген үмітімізді арттыруға шабыт беретін ерекше мереке.

Денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз нұрлы, бастамаларыңыз табысты болсын! Бірлігіміз артып, еліміздің еңсесі әрдайым биік бола берсін!

Ізгі ниетпен,
Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев