Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс,архитектура және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша және «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария  және экология мәселелері бойынша»  тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Комиссия отырысында Алматы облысының «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасын бекіту, Алматы облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы, Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды және өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселелер қаралды.