
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі туралы ҚР Парламенті мәжілісінің арнайы отырысы өтті.
Отырысқа Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларының нәтижесінде заң шығару үдерісі түбегейлі өзгерді. Қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер Парламентте ашық талқыланып, нақты шешімдер қабылдануда» - бұл туралы Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында баяндады. Оның айтуынша, бүгінде депутаттар бастамашы болған заңдардың саны артып, олар азаматтардың сұранысына сай әзірленуде.