В селе Чунджа Уйгурского района состоялось совместное выездное заседание постоянных комиссий Алматинского областного маслихата

В селе Чунджа Уйгурского района состоялось совместное выездное заседание постоянных комиссий Алматинского областного маслихата

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында Алматы облыстық мәслихатының «Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша» және «Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары, тиісті облыстық басқарма басшылары, аудан әкімі мен орынбасарлары және аудандық бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
1. Алматы облысының туристік саланың 2025 жылға арналған кезеңге дайындығы және Алматы облысының туристік әлеуетінің имиджін ілгерілетуге, туристердің санын көбейтуге бағытталған іс-шаралар туралы;
2. Алматы облысында байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы;
3. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы және облыстағы барлық мәдениет үйлерінің жұмысын қолға алып, оларға қолдау көрсету мәселесі туралы;
4. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы және облыстағы барлық спорт нысандарының жұмысын қолға алып, оларға қолдау көрсету мәселесі туралы;
5. Алматы облысында ұлттық спортты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер көтерілді.

Соған сәйкес, Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Мирамбекұлы Қуанышбек, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров және Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Қалиақпаров баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.