Көрісу күні құтты болсын!

Көрісу күні құтты болсын!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!


Баршаңызды 14 наурыз – көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн ағайын-туыс арасындағы бауырмашылықты арттырып, бір-біріне жылы лебіздер мен жақсы тілектер білдірудің ерекше сәті.

Көрісу күні – тек қуанышпен бөлісу ғана емес, өзара түсіністік орнатудың, бір-бірімізге ізгі тілектер мен жақсы ниеттер арнайтын тамаша мүмкіндік.

Осы күннің әрбір сәті үйлесім мен ынтымаққа толы болсын.

Баршаңызға бақыт, береке, денсаулық және мол табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев