
Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұқаев Мұрат Рахметұлы және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы ортақ мақсаттарға қол жеткізу және халықтың мәселелерін шешу үшін ниет білдіре отырып, өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум өзара ынтымақтастықты, ақпарат алмасуды, серіктестермен байланыс орнатуды, ұсыныстар қарастыруды, өңірлерді дамытуға және жобаларды іске асыруға арналған іс-шараларға қатысуды қамтиды.
Меморандумның мақсаты – өңірлерді дамыту мүддесінде өзара түсіністікті, іс-әрекеттерді үйлестіруді және жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды нығайту болып табылады.