Өңірлер мәслихаттарының төрағалары Батыс Қазақстан облысында кездесті

Өңірлер мәслихаттарының төрағалары Батыс Қазақстан облысында кездесті

Батыс Қазақстан облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының іске асырылу барысымен танысу және жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі тиімді дамыту мәселелерін талқылау мақсатында кеңейтілген көшпелі отырыс өтті. Шараны «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қатысып, өңірдің әлеуметтік және экономикалық даму мәселелерін көтерді.

Отырыс барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, өңірдегі экономикалық жағдайды және әлеуметтік мәселелерді атап өтті. Олар өз сөздерінде «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының іске асырылу барысымен таныстырып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Жобаның басты мақсаты – ауылдық жерлерге қоныс аудару арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, жұмыс күші тапшылығын азайту және ауыл шаруашылығын дамыту. Сонымен қатар, ауылдарға жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру және қаладан ауылға қоныс аударушылардың қоғамға бейімделуін жеңілдету көзделеді.

Отырыс барысында өңірлердің мәслихат төрағалары бір-бірімен тәжірибе алмасып, ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар мен жобалар жайында пікір алмасты. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша маңызды ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Осы өңірде «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының іске асырылу барысымен танысу үшін өңірлердің мәслихат төрағалары Ақжайық өңірінде бас қосты. Олар Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылындағы жағдаймен танысты. Бұл жобаның іске асуын өз көзімен көру үшін облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев та аталған ауылға барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысып қайтты.

«Қаладан ауылға» пилоттық жобасы Қазақстанның ауылдық өңірлерін дамытуға бағытталған ауқымды бастама болып табылады. Оның басты мақсаты – азаматтарды ауылдық жерлерге қоныс аударуға ынталандыру, халықтың көші-қонын азайту, жұмыс күші тапшылығын жою, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Бұл жобаның тағы бір маңызды міндеті – тұрақты жұмыс орны жоқ қала тұрғындары мен жас отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Жоба шеңберінде 57 ауылдық елді мекендерінде тұрғындарды қоныс аудару мәселесі бойынша арнайы шаралар қабылданып, тұрғындардың ауылға қоныс аударуын жеңілдетуге бағытталған жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, жергілікті ауыл шаруашылығын дамыту және оның тиімділігін арттыру мақсатында арнайы қолдау көрсетіледі.