8 наурыз мерекесі құтты болсын!

8 наурыз мерекесі құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР, АЯУЛЫ АРУЛАР! 

Сіздерді ару көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер әр шаңыраққа шаттық сыйлап қана қоймай, еліміздің дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Бүгінде әйелдер қауымы отбасының алтын қазығы болумен қатар, барлық салада жемісті еңбек етуде. Өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз, терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз – ұрпаққа үлгі.

Айдай әсем, күндей көркем қалыптарыңыздан айнымай, айналаға сәуле шашып, жер бетіне ізгілік нұрын таратып, жарқырап, жайнап жүре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, ел дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, Алматы облыстық маслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев

 

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы Байғоджаев Қонаев қаласының тұрғыны, ардақты ана Мусекенова Күләш Сейдахметқызын арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.

Құттықтау барысында Қуат Байғоджаев Күләш Сейдахметқызының өмір жолындағы жетістіктері мен қоғамға қосқан үлесі үшін жоғары бағалап, оның мейірімділігі мен адамгершілігін атап өтті.

Қонақжай, ізетті және ұлттың дәстүрлерін сақтауға ерекше көңіл бөлетін Күләш ана қала тұрғындары арасында үлкен сый-құрметке ие.

Қ.Байғоджаев облыстық мәслихаттың атынан арнайы сыйлық табыстап, Күләш Сейдахметқызына мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, алдағы уақытта да қоғамға қосатын үлесі мен адамгершілік қасиеттері үшін зор ризашылығын білдірді.

Күләш ана өз кезегінде осы құрметке шын жүректен алғысын айтып, барлық жандарға амандық пен бақыт тіледі.