Состоялось заседание постоянной комиссии

Состоялось заседание постоянной комиссии

Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және  депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияcы отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Аслан Ораз баяндама жасады.

А. Ораздың баяндамасында бюджет жобасында:

  • Басым емес шығындарды оңтайландыру;
  • Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ішінде қаражатты қайта бөлу;
  • Сонымен қатар, бос қалдықтарды бағыттау есебінен өзекті мәселелерді шешуге қаражаттар қарастырылған.

2025 жылғы 28 қаңтарда өткен кеңейтілген үкімет отырысында мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке қаржылық шығындарды барынша үнемдеп, орынсыз шығынды тоқтатуды және қаражатты тек ең маңызды міндеттерді шешуге бағыттауды тапсырды. Белді бекітіп, мүмкіндіктерімізге қарай өмір сүру уақыты келді», — деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемелер Президенттің қаржылық тәртіпті күшейту және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі саясатын көрсетеді.

Осыған орай, мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, қаржылық шығындарды оңтайландыру және экономикамызды тиімді басқару мақсатында, әртүрлі қаржылық шаралар қабылдануда. Осыған байланысты, бюджетке енгізілетін өзгерістер тек қана облыстың даму жоспарына емес, сондай-ақ жалпы экономикалық жағдайға байланысты да жасалуда.