Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

2025 жылдың ақпан айында облыстық мәслихат депутаттары Т.Адамов, Н.Әлиев, Д. Жарасбаев, Ж.Бектасов, В.Гринченко, С.Сарсеков, Е.Құсайынов, А.Сарипов, Е.Үшкемпіров, С.Горяной, Н.Түймелиев сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына 37 азамат 38 өтінішпен келген, оның ішінде 25 азаматтың өтініштері сол мезетте қанағаттандырылды. Ал қалған азаматтардың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетіндігі түсіндірілді.