
Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия төрағасы М.Бигелдиев төрағалық етті.
Отырыс барысында Алматы облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылға арналған жоспарлары тыңдалды. Сонымен қатар, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2024 жылғы жұмыстары мен 2025 жылға арналған жоспары туралы ақпарат берілді.
Алматы облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызмет басқармасының басшысы Ә.Тасыбаевтың айтуынша: Алматы облысында 2024 жыл қорытындысы бойынша балалармен жасалған қылмыстар 15,2%-ға төмендеген. Осы мәселелерді шешу мақсатында полиция тарапынан білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен кәмелетке толмағандарға дәрістер өткізіліп, қылмыстарды болдырмау және алды-алу мақсатында «Мектеп, жанұя, көше», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылған.
Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Баймухамбетовтың мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Алматы облысында облыстық маңызы бар 157,9 км жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектептің кіреберіс жолдары құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Жолдарды артық жүк көліктерінің әсерінен қорғау үшін жергілікті автомобиль жолдарында 2 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған. 2024 жылы облыс аумағында 44 автобус жаңартылды, сондай-ақ 2024 жылы облыс бойынша 52 елді мекенді қамтитын 19 автобус бағыты ұйымдастырылды.