
Алматы облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1. Алматы облысындағы экологиялық жағдайды кешенді бағалау туралы;
2. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы.
3. Алматы облысы Алатау қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
4. Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясының Ережесін қалыптастыру туралы.