Состоялось совместное заседание постоянных комиссий

Состоялось совместное заседание постоянных комиссий

Алматы облыстық мәслихатының Индустриялық-инновациялық, кіші және орта кәсіпкерлікті, туризмді дамыту мәселелері бойынша және Дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыс көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін кездесетін негізгі қиындықтар мен оларды шешу жолдары қаралды. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын күшейту, инновациялық шешімдерді енгізу, кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ салық жеңілдіктері мен бизнеске қолдау көрсету мақсатында жаңа бағдарламаларды іске асыру ұсынылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебі бойынша «Кәсіпке бағыт» бағдарламасы шеңберінде салалық (бейінді) оқытудың жүзеге асырылуы және оған қатысқан азаматтардың жұмысқа орналасу мәселелері талқыланды. Бағдарламаға қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және жаңа кәсіп түрлеріне даярлау жұмыстарының тиімділігі баяндалды.

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атқарған жұмыстары мен қол жеткізілген нәтижелері бойынша есеп ұсынылды. Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұтынушыларға қатысты шағымдарды шешу жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Тілдер, дін істері және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары қаралды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және жастарды қолдау шаралары бойынша атқарылған шаралар мен алдағы міндеттері тыңдалды.