Алматы облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Алматы облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Бүгін «Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Алматы облыстық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Отырыста Алматы облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері іріктелді, жұмыс тобының басшысы сайланды.

Жұмыс тобымен Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы айқындалды.
Сонымен қатар, Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі байқау туралы хабарламасын және өтініштерді қабылдау уақытын жария ету, облыстық қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлеу туралы мәселелер қаралды.