Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкесе Алматы облыстық мәслихаты 2025 жылғы 08 қаңтардан бастап 2025 жылғы 14 қаңтар аралығында Алматы облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстарына қатысуға байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Алматы облыстық мәслихатқа не электрондық поштасына жібереді.
Ұсыныстар 2025 жылғы 08 қаңтардан бастап 2025 жылғы 14 қаңтарды қоса алғанда 18.30-ға дейін қабылданады.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4,
№ 615 кабинет.
Электронды пошта– Aiym_555@mail.ru
Анықтама үшін телефон 8 (72772) 20346
Жұмыс тәртібі: «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» ММ дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.