Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

2024 жылдың желтоқсан айында облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары Т.Адамов, Ә.Ақжолтаева, Ж.Алтангадас, С.Әділханов, Н.Әлиев, Ж.Бектасов, А.Илахунов, Г.Құраметова, Е.Құсайынов, Н.Нұрдаулетов, Б.Нұрбеков, Р.Өтембаев, А.Сембаев, Ж. Үшкемпіров сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына 78 азамат 38 өтінішпен келген, оның ішінде 27 азаматтың өтініштері сол мезетте қанағаттандырылды. Ал қалған азаматтардың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетіндігі түсіндірілді.