Жаңа жыл жомарттық пен қуанышта

Жаңа жыл жомарттық пен қуанышта

Іле ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл шара Алматы облыстық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Түймелиев және «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалы мен аудандық бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен өткізілді.

Шараға аудан бойынша 400-ден аса бала қатысып, олардың әрқайсысына жаңа жылға орай арнайы дайындалған мерекелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, балалар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі ойындар мен жарыстар өткізілді. Мереке барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жаңа жылдық көңіл-күйге бөленді. Бұл іс-шара тек балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың жаңа жыл мерекесіне деген қуанышын арттырды.