
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданында Алматы облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашева «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» және Жамбыл аудандық филиалымен бірлесе отырып, «Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл» атты балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл мерекелік шараға 110 бала қатысып, ерекше әсер алды.
Жиналған қауым алдында Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға ақжарма тілектерін арнады. Мерекенің басты сәттерінің бірі - балаларға арналған арнайы сыйлықтардың табыс етілуі болды, бұл олардың жүректеріне қуаныш ұялатты.
Шара барысында өнер көрсеткен 35 оқушыға Меруерт Молдашева арнайы сыйлықтарын табыс етіп, олардың таланты мен қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Бұл мереке тек қуаныш сыйлап қана қоймай, балаларға жаңа жылдың ғажайып сәттерін сезінуге мүмкіндік берді.