Бұл айтулы күн еліміздің демократиялық дамуында маңызды кезең болып табылады. Маслихаттардың қалыптасуы мен дамуы – халық өкілдері мен жергілікті билік органдарының арасындағы тығыз байланысты нығайтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өрлеуіне үлкен үлес қосты.
Салтанатты шараға қала әкімі Асхат Бердіханов, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Аслан Әбдікәрімов, облыстық мәслихат депутаты Сергей Горяной және І-VIII шақырылым депутаттары қатысты.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Аслан Әбдікәрімов облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаевтың құттықтауын жеткізіп, жиналған қауымды айтулы датамен құттықтады.
Шара барысында Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы аясында облыстың, қаланың дамуына ерекше үлес қосқан депутаттарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Алматы облысы әкімдігінің, Алматы облыстық мәслихаттың, Қонаев қаласы әкімдігінің, қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.