
Алматы облыстық мәслихаттың кезекті ХХХI сессия отырысында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №55 қаулысына сәйкес кандидат Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев 1963 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы театр өнер институтын «кино және драма актеры» мамандығы бойынша, 2000 жылы Қонаев Университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2018 жылы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ «заңгер» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Қазақконцерт бірлестігінің солисті болып бастаған.
1992 жылдан 2024 жылдар аралығында мәдениет саласында басшылық лауазымдарда қызметтер атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Т. Жүргенов атындағы Өнер колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.