
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді еліміздің ең ұлық та қасиетті мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – елдің азаттығын, ұлттың еркіндігін, болашаққа деген зор үмітін білдіретін күн. Бүгінгі Тәуелсіздік күні біздің әрқайсымыз үшін үлкен мақтаныш, ұлттық бірлік пен қуаттың белгісі.
Тәуелсіздік – тек қана мемлекеттің азаттығы емес, ол әр адамның жүрегіндегі еркіндіктің, ой-санадағы бостандықтың символы. Ұлы далада өмір сүрген халқымыз ғасырлар бойы осы күнге жету үшін күресіп, ерлікпен қан төкті. Еліміздің егемендігін баянды ету, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің басты міндетіміз!
Біз бүгінде тек тарихымызға ғана емес, болашағымызға да үмітпен қараймыз.
Еліміздің ертеңі жарқын, ұрпағы білімді, мемлекетіміз қуатты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, шаңырағымыз биік болғай! Баршаңызға бақыт, амандық, табыс тілеймін!
Құрметпен,
облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев