Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

“Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар” шыққан көшбасшы жастарды облыстық мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы құттықттап, жүлделерін табыстады.

«Заңғар - 2024» сала көшбасшылары төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды:
1. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» - Синельников Андрей Эдуардович;
2. «Үздік жас дәрігер» - Садыкова Бағдагуль Қырбайқызы;
3. «Үздік жас ұстаз» - Валиханов Дамир Қанатханұлы;
4. «Үздік жас спротшы» - Касимбек Едіге Алтынбекұлы;
5. «Үздік жас журналист» - Мөлдір Иманмәди;
6. «Үздік жас кәсіпкер» - Бекдәулет Іңкәр Бекдәулетқызы;
7. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» - Мырзабай Дәнегүл Тұрсынқызы;
8. «Үздік жас өнерпаз» - Нұржакуп Еркебұлан Жұмағалиұлы;
9. ⁠«Үздік жас волонтер» - Айтқазы Әділет Нұрболатұлы;
10. «Үздік жас журналист» - Сағидоқасова Ақбота Оралқызы;

Түсіндірме:
«Үздік жас кәсіптік маман» номинациясы бойынша конкурстық комиссия қарауына 1 өтінім түскен, аталған өтінім конкурс талаптарына сай келмеді.

Сол себепті, комиссия ұсынысымен аталған номинация облыстық “Жетісу” телеарнасының 25 жылдығына орай, балдық көрсеткіші бойынша «Үздік жас журналист» номинациясына қосымша үлестірілу бойынша шешім қабылдады.

Жеңімпаздарға облыс әкімінің арнайы дипломы мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Биыл әр номинация бойынша жеңімпаздарға табысталатын қаржылай сыйақы көлемі 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге ұлғайтылды.