
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Ораз баяндама жасады.
Ол баяндама барысында:
- мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
- ауыл шаруашылығы саласы бойынша өсімдік шаруашылығын субсидиялауға;
- мұғалімдердің жалақы қорына;
- халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алуды қоса қаржылардыруға;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысына сондай-ақ оқушылардың тамақтануын қамтамасыз етуге және шәкіртақысын төлеуге;
- жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Алатау Жастары» бағдарламасын іске асыруға;
- облыстың даму бюджетінің шығыстары бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтауға қомақты қаржы қарастырылды.