Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдаулар өткізді

А.ж. қараша айында облыстық мәслихат депутаттары Ж. Алтангадас, С.Әділханов, Н.Әлиев, Ж.Бектасов, Қ.Бекиев, М.Бигелдиев, Е.Жақсыбаев, Е.Құсайынов, М.Молдашева, С.Нұрдаулетов,  Н.Орынбасаров, С.Сәрсеков, А.Сембаев, Ж. Үшкемпіров, Б.Ушуров сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына 292 азамат 56 өтінішпен келген, оның ішінде 22 азаматтың өтініштері сол мезетте қанағаттандырылды. Ал қалған азаматтардың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетіндігі түсіндірілді. Азаматтардың өтініштеріне байланысты тиісті мемлекеттік мекемелерге 3 депутаттық сауал жолданды.