
Комиссия отырысына Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары және Алматы облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, сонымен қатар, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында ана мен бала өлім-жітімін азайту және туберкулездің алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
2. Халықты жаппай жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
3. Емханаларда тіске арналған рентген аппараттарын орнату мәселесі туралы;
4. Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруының алдын-алу және күресу мәселесі туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.