Проведено совместное заседание постоянных комиссий

Проведено совместное заседание постоянных комиссий

Алматы облыстық мәслихатының Индустриялық-инновациялық, кіші және орта кәсіпкерлікті, туризмді дамыту мәселелері бойынша және Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның күн тәртібіне:

1. «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының:
- Облыстың Тұрақтандыру қорының әлеуметтік тауарларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша атқарылған жұмыс туралы;
- Облыстың Тұрақтандыру қорының қоймаларында бар азық-түлік өнімдерінің 7 (жеті) атауын облыстың аудандары мен қалаларында ай сайынғы өткізу рұқсат қағазына сәйкес пысықтау бойынша атқарылған жұмыс туралы;
- «Қонаев» ӘКК» АҚ ұтқыр сауда павильондарын сатып алу бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі.
2. Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шеңберінде атқарылған жұмыс қорытындылары туралы есебі.
3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген мемлекеттік гранттарға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы есебі.
4. Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы.5. Ветеринариялық іс-шараларды өткізу туралы мәселелер қаралады.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапына сын ескертпелер айтылып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданып, олардың орындалуы бақылауға алынды.