В Жетысуском крае прошла конференция на тему «Роль института маслихата в истории независимого Казахстана», посвященная 30-летию маслихатов Казахстана

В Жетысуском крае прошла конференция на тему «Роль института маслихата в истории независимого Казахстана», посвященная 30-летию маслихатов Казахстана

В конференции принял участие председатель Алматинского областного маслихата Куат Байгоджаев.

Председатель маслихата К. Байгоджаев поздравил председателя областного маслихата Жетісу Гульнар Кожагуловну, депутатов областного маслихата и сотрудников аппарата маслихата:

«Сіздерді Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның саяси өмірінде үлкен рөл атқаратын мәслихаттар жүйесі 30 жыл ішінде еліміздің демократиялық дамуына, жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға айрықша үлес қосып келеді. Әр кезеңнің өз міндеттері мен қиыншылықтары болғанымен, мәслихаттар халықтың мүддесін қорғап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елеулі жұмыстар атқарды.
«Жер жәннаты» атанған, табиғи байлықтарымен, мәдениетімен және тарихымен ерекше танымал Жетісу облысы 2022 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен өз алдына отау құрып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты.
Осы орайда, Жетісу облыстық мәслихатының депутаттары үш жылға жуық уақытта атқарған жұмыстарының нәтижесінде өңірдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Алдағы уақытта да Сіздер бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді, тәжірибелеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға жұмсайтындарыңызға сенімдімін.
Сіздерге әрдайым сәттілік, абырой, мықты денсаулық тілей отырып, болашақта өңірдің дамуы жолында жүзеге асыралатын жобалар мен игі бастамалардың жемісті болуын тілеймін!»