Алматы облыстық мәслихатының «Дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша» тұрақты комиссия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының «Дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша» тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысында депутаттар облыстық ішкі саясат басқармасы, тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы, дін істері басқармасы, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Алматы облысы бойынша «Талдау және болжау орталығы», «Қоғамдық келісім және даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарған жұмыстары туралы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында тілдік кемсітушілікке жол бермеу, алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
Тілдерді оқыту орталықтары жұмысының тиімділігі және бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі туралы

3. Интернет кеңістігінде, әлеуметтік желілерде діни эктремистік ағымдар идеологиясына қарсы насихаттық жұмыстарды жүргізу мақсатында, сарапшыларды, блогерлерді және дін саласындағы мамандарды тарта отырып, жүргізілген жұмыстардың барысы туралы

4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы;
Алматы облысының аудандарында жастарға арналған коворкинг орталықтарының жұмысы туралы.