Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессия отырысы мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаевтың төрағалығымен өтті. Сессия отырысына Алматы облысы әкімінің орынбасары Р. Исатаев қатысты

Сессия отырында 5 мәселе қаралды:
1. Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы.

2. Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы.

3. Алатау қаласының облыстық әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына лауазымдық жалақыларына уақытша ынталандыру үстемеақылар белгілеу туралы.

4. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурызындағы №18-83 «Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5. «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.