Алматы облыстық мәслихатының Экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының Экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысында 4 мәселе қаралды:
1. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-62 «Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-60 «Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Алатау қаласының облыстық әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына лауазымдық жалақыларына уақытша ынталандыру үстемеақылар белгілеу туралы.

4. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурызындағы №18-83 «Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Бұл мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Б. Төлебекова баяндама жасады.
Отырыс барысында депутаттар басқарма басшыларына бірқатар сұрақтар қойды. Төрт мәселе отырыс барысында жан-жақты талқыланып, нәтижесінде сессия отырысына қарауға жіберілді.