Депутаты областного маслихата повышают квалификацию

Депутаты областного маслихата повышают квалификацию

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 21-3-бабына сәйкес, мәслихат депутаттары тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыру курстарынан өтуге құқылы. Бұл курстар депутаттың өкілеттігі басталғаннан кейінгі алғашқы екі жыл ішінде және бес жылда бір рет өтуі қажет.

Осыған орай, 2024 жылдың 25-29 қараша аралығында Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының бағдарламасы бойынша Академияның облыстық филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін нығайту» тақырыбында депутаттарға арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілуде. Бұл семинарға облыстық мәслихат депутаттары қатысуда.

Аталған семинар депутаттардың кәсіби деңгейін арттырып, олардың мемлекеттік басқарудағы рөлін тиімдірек атқаруына, сайлаушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Семинар барысында депутаттар жергілікті басқарудың өзекті мәселелері, заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ қоғаммен байланыс, тиімді коммуникация мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселелерін қарастырады. Мұндай шаралар депутаттардың өз өкілеттіктерін сапалы орындауына және халық алдындағы жауапкершіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинарды өткізу барысында қатысушыларға тәжірибелі тренерлер мен сарапшылар тарапынан білім беру және практикалық дағдыларды меңгеру үшін арнайы тренингтер мен оқыту сессиялары ұсынылады. Бұл шаралар депутаттардың жергілікті басқару жүйесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенімді байланысты нығайтуға ықпал етеді.